Сарыағашта пәтер ұтып алғаны туралы жалған ақпарат таратып, елден ақша алған күдікті қолға түсті, деп жазады Egemen.kz.
Жәбірленушінің айтуынша, белгісіз адам қоңырау шалып «пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аударуыңыз керек» деп есепшотына ақша аудартып алған.
Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.
Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.
Күдіктінің ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеріп жатыр.