• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Әлем 03 Тамыз, 2021

Жерорта теңізінде 26 мигрант құтқарылды

392 рет
көрсетілді

Жерорта теңізінде суға батып бара жатқан қайықтан 26 мигрант құтқарылды. Операцияны Германияның «Си Уотч» деп аталатын қайырымдылық ұйымы жүргізген, деп хабарлайды Egemen.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

 

Осылайша өткен аптадан бері еріктілер 450-ге жуық босқынның өмірін сақтап қалған. Тағы ондаған келімсек Италияның Сардиния аралына көмексіз, өз күшімен жүзіп жеткен. Босқындар арасында Ауғанстан, Ирак және Иран азаматтары бар. Сондай-ақ кірмелер мінген бірнеше қайық Италияның екінші бір аралы Лампедузаға беттеген. Италиялық ақпарат құралдарының хабарлауынша, мигрант жүкті әйел тура жағаға жеткенде босанған.