• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Тағайындау 03 Тамыз, 2021

Атырауда тағы бір басқарманың басшысы тағайындалды

324 рет
көрсетілді

Облыс әкімінің өкімімен жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы лауазымын Самат Қабайұлы Айтқалиев атқаруға кірісті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Самат Қабайұлы 1972 жылы Атырау қаласында туған. Білімі жоғары, Алматы автожол институтын «инженер-құрылысшы» мамандығымен бітірген.

Еңбек жолын 1994-1996 жылдары Атырау облысындағы жол-пайдалану учаскесінде жол жөндеу шебері болып бастады. 2001-2005 жылдары жеке кәсіпкерлікпен айналысты.

2005-2008 жылдары «Самнұр» ЖШС директоры, 2008-2010 жылдары «Нұржол» ЖШС директорының орынбасары болып жұмыс істеді. 2011-2012 жылдары Атырау облыстық құрылыс басқармасында, 2012-2013 жылдары мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаментінде бас маман, 2013-2014 жылдары Мақат ауданы әкімнің орынбасары, облыстық құрылыс басқармасы басшысының орынбасары, 2014-2019 жылдары «Атырауинжстрой» ЖШС директорының техникалық орынбасары, бас инженері болған.

2019-2020 жылдары «ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ-да сапаны бақылау бөлімінің бас маманы, 2020 жылдан осы тағайындауға дейін «Самұрық Қазына Девелопмент» ЖШС-де техникалық сүйемелдеу бөлімінің қадағалау жөніндегі сарапшысы қызметін атқарды.