• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 03 Тамыз, 2021

Қазақстан Қарулы Күштері Бас штабының бастығы ресми сапармен Беларусь еліне барды

710 рет
көрсетілді

Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-лейтенант Мұрат Бектанов Беларусь Республикасына ресми сапармен барды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Беларусь Республикасының Қорғаныс министрі генерал-лейтенант Виктор Хренинмен және Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-майор Виктор Гулевичпен кездесулерде қорғаныс саласындағы қазақстан-беларусь ынтымақтастық мәселелері талқыланды. Атап айтқанда, екіжақты және көпжақты негізде жауынгерлік даярлық іс-шаралары мен оқу-жаттығуларды өткізуді, Армиялық халықаралық ойындарды ұйымдастыру және оған қатысу, кадрлар даярлау және әскери білім беру, әскери-техникалық ынтымақтастық, патриоттық тәрбие мәселелері.Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы ынтымақтастықты кеңейтуге өзара мүдделілікті атап өтті.Сапар барысында Беларусь Республикасының Әскери академиясына, жеке десанттық-шабуылдау бригадасына, қорғаныс-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындарына, Ұлы Отан соғысы тарихи жәдігері Беларусь Мемлекеттік мұражайына барды.Қазақстандық делегация Бресттің күштік құрылымдарының басшылығымен, сондай-ақ Беларусь Қарулы Күштерінің Әуе-десанттық әскерлері мен Арнайы операциялар күштерінің ардагерлерімен кездесті. Генерал-лейтенант Мұрат Бектанов «Брестская крепость-герой» мемориалдық кешені мен Минск қаласындағы Жеңіс монументіне гүл шоқтарын қойды.