• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Тамыз, 2021

Шекарашылар заңсыздықтың алдын алды

441 рет
көрсетілді

Алматы облысы бойынша ҰҚК Шекара қызметі департаментінің әскери қызметшілері «Іле Алатау» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің қызметкерлерімен бірге Еңбекшіқазақ ауданы Ақтоған елді мекенінің тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1980 жылы туылған азаматтан жалпы салмағы шамамен 150 кг болатын «Қызыл кітапқа» енген өсімдік салынған төрт қап табылды.

Заттай дәлелдемелер одан әрі тергеу және процедуралық шешімдер қабылдау үшін уәкілетті органдарға берілді.

Бұған дейін 8 шілдеде шекарашылар жалпы салмағы шамамен 300 және 150 кг болатын «Қызыл кітапқа» енген Макротомия өсімдігін заңсыз жинаудың екі оқиғасының алдын алды.