• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Тамыз, 2021

Қазақстан мен Түркия қорғаныс саласының жаңа бағытын талқылады

251 рет
көрсетілді

Қазақстан мен Түркия қорғаныс ведомстволарының өкілдері бейнеконференцияда радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Келіссөздерге қазақстандық тараптан Бас штабтың радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау және экологиялық қауіпсіздік әскерлері департаментінің бастығы подполковник Ержан Құлмағамбетов қатысты.

«Бүгінгі таңда бұл бағыт біздің мемлекеттеріміз үшін жоғары өзектілікке ие және біздің ойымызша, осы саладағы ынтымақтастықты ұйымдастыру біздің елдеріміздің қорғаныс қабілетінің жай-күйіне жағымды әсер етеді», деп атап өтті ол.

Подполковник Ержан Құлмағамбетовтың айтуынша, бүгінгі таңда негізгі басымдық әскерлердің әскери және бейбіт уақытта да міндеттерді орындауға дайындығын арттыру мақсатында Қазақстан Қарулы Күштерінің радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау жүйесін дамыту және жаңғырту болып табылады.

Тараптар мамандарды даярлауға, жауынгерлік даярлық процесіне және бөлімшелерді техникалық жабдықтауға қатысты өзара іс-қимылдың перспективалық бағыттарын талқылады.

Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау – бұл Қазақстан мен Түркияның қорғаныс ведомстволары арасындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыты, оны дамыту қажеттілігін қазіргі заман талап етеді. Әскери қызметшілер әлеуметтік маңызы бар объектілерді дезинфекциялау бойынша міндеттерді орындаған кезде РХБЗ әскерлерінің қажеттілігін коронавирустық инфекция пандемиясы көрсетті.