Атырауда карантин шектеуін елемегендер мейрамханада үйлену тойын өткізген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, карантиндік шектеу кезінде той өткізетіндер әлі де азаяр емес.
«Исатай ауданында 7 мобильді топ мүшелері әр түрлі іс-шара, той түріндегі басқосу өткізген 15 деректі тіркеді. Нақтысын айтқанда, «Лото клуб» кеңсесі мен 14 тұрғын үйде той-думан өткізілген. Ал, Қызылқоға ауданында 6 іс-шара мен 4 той өткені анықталды. Атырау қаласына таяу орналасқан Дамбы ауылдық округінде 1 тамызда сағат 19:00 шамасында «Адина» мейрамханасында өтіп жатқан үйлену тойы тоқтатылды», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Карантиндік шектеуге қарамастан түрлі іс-шаралар мен той өткізгендерге қатысты ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 425-бабымен әкімшілік хаттама толтырылды.