Облыстық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, «Ардагер» тұрғын үй кешенінде лифт кабинасы 15-қабаттан құлаған, деп жазады Egemen.kz.
«Сол кезде «Лифт Инвест» ЖШС-нің екі қызметкері лифтіде жөндеу жүргізіп жатқаны анықталды. Оның бірі – 1981 жылы туған азамат оқиға орнында көз жұмды. Ал екіншісі –1987 жылғы жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілді. Екеуі де Алматы облысының тұрғыны», деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Оқиға орнында төтеншеліктердің 3 қызметкері мен 1 техникасы, полиция департаментінің 3 қызметкері, 1 техникасы жұмылдырылды.