• RUB:
    5.44
  • USD:
    478.58
  • EUR:
    520.84
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

КЕДЕН ОДАҒЫНЫҢ КЕЛЕШЕГІ ҚАНДАЙ?

638 рет
көрсетілді

Экономикалық даму және сауда министрлігі  мен Ақтөбе облыстық әкімдігінің ұйымдас­тыруымен Кеден одағы  мәселелерін түсіндіруге арналған аймақтық кеңес өткізілді. Оған Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының жергілікті атқарушы органдары, кәсіпкерлік қауымдастығы, қоғамдық бірлес­тіктердің, сондай-ақ, Кеден одағының құқықтық базаларын құру жөніндегі келісімдерге қатысып жүрген еліміздің мемлекеттік органдар өкілдері  қатысты. Аймақтық кеңесте Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Александр Дубовенко кіріспе сөз сөйлеп Кеден одағының экономи­калық дамуға серпін беретінін, жаңа инвести­циялар тартуға мүмкіндіктер ашатынын атап өтті. Кеден одағының артықшылықтарына тоқталған Экономикалық даму және сауда вице-министрі Тимур Сүлейменов Қазақстанның бірыңғай  кедендік кеңістікке енуінің қанша­лықты тиімді екенін талдап жеткізді. “Кеден одағы дегеніміз – жалпы алаңы 20 млн. шаршы шақырымдағы 170 млн.адамның еркін сауда жасауы, бірыңғай тарифті қолдануы, эконо­микалық бәсекелестік арқылы дамудың сара жолына түсуі”, – деп түйіндеді ойын астаналық қонақ.  Ол сондай-ақ, негізгі нормативтік базаның құрылып болғанын айта келіп, Кеден одағының Қазақстан үшін қаншалықты қайтарымдылығына, артықшылықтарына нақты мысалдар келтірді. Кеден одағының эконо­микалық тиімділігі отандық бизнестің белсенділігіне тәуелді екенін де атап өтті. Қазақстандық кәсіпкерлерді кедендік және салықтық әкімшіліктерге, кедендік-тарифтік және тарифтік емес реттеулерге, санитарлық, малдәрігерлік және фитосанитарлық шараларды қолдануға байланысты мәселелер қызықтырды. Елімізге шетелдік автобустар алып келу үшін нөлдік тарифтерді енгізудің қажеттігі туралы ойларын ортаға салды. Кәсіпкерлер өздерін толғантқан мәселелер бойынша толық түсініктер алып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы. Орталық мемлекеттік органдардың интернет-сайттары Қазақстан Республикасының Үкіметі          www.government.kz Ішкі істер министрлігі       www.mvd.kz Қорғаныс министрлігі      www.mod.kz Қоршаған ортаны қорғау министрлігі         www.nature.kz Білім және ғылым министрлігі       www.edu.gov.kz Сыртқы істер министрлігі               www.mfa.kz Денсаулық сақтау министрлігі      www.darі.kz Көлік және коммуникация министрлігі      www.mtk.gov.kz Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі               www.enbek.kz Қаржы министрлігі           www.mf.mіnfіn.kz Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі              www.mіnplan.kz Әділет министрлігі             www.mіnjust.kz Төтенше жағдайлар министрлігі   www.emer.kz Мәдениет және ақпарат министрлігі            www.sana.gov.kz Энергетика және минералдық ресурстар министрлігі           www.memr.gov.kz Ауыл шаруашылығы министрлігі                www.mіnagrі.kz Индустрия және сауда министрлігі              www.mіt.kz Туризм және спорт министрлігі    www.mts.gov.kz Жер ресурстарын басқару агенттігі             www.auzr.kz Байланыс және ақпараттандыру агенттігі   ww.alc.gov.kz Статистика агенттігі                            www.stat.kz Көші-қон және демография  агенттігі                           www.demomіgratіon.kz