• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 05 Тамыз, 2021

Токио-2020: Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарының ширек финалына шықты

Еркін күрестен Данияр Қайсанов Олимпиада ойындарын жеңіспен бастады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы Olympic.kz сайты мәлімдеді.

74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол 1/8 финалда жапониялық Отогуро Кейсукемен кездесті.

Тартысты белдесу қазақстандық балуан Данияр Қайсановтың жеңісімен аяқталды.

Олимпиада ойындарының ширек финалында Данияр Қайсанов мысырлық Амр Реда Хуссенмен кездеседі.

Соңғы жаңалықтар