• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 05 Тамыз, 2021

Каратэші Дархан Асәділов Олимпиаданы жеңіспен бастады

Токио Олимпиадасында каратэшілер жарысы басталды. 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын Дархан Асәділов қорғады, деп хабарлайды Egemen.kz.

А тобында Асәділов төрт спортшымен күш сынасады. Алғашқы қарсыласы түркиялық Эрай Самдан болды. Қазақстандық каратэші 6:2 есебімен жеңді. 

Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы Азия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар. 

 

Соңғы жаңалықтар