Қазақстандық каратэші Дархан Асәділов Токио Олимпиадасының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Egemen.kz.
А тобында өнер көрсеткен каратэші үшінші қарсыласы жапон Саго Наотоны 3:0 есебімен жеңіп, мерзімінен бұрын жартылай финалға жолдама алды. Демек, Асәділовтің еншісінде кем дегенде қола медаль бар.
Айта кетейік, қазақстандық каратэші алғашқы кездесуінде 6:2 есебімен басым түскен еді. Кейін әзербайжандық Фирдоуси Фарзалиевті де 6:2 есебімен жеңген болатын.Дархан Асәділов - каратэден Қазақстан құрамасындағы ең тәжірибелі спортшы, жасы 33-те. 2010 жылы АЗия чемпионы атанған. 2008 жылы әлем чемпионатында күміс, 2018 жылы қола медаль жеңіп алған. Еншісінде Азия чемпионатынан бірнеше жүлде бар.