• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.58
  • EUR:
    480
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 05 Тамыз, 2021

Токио-2020: Сәкен Бибосынов қола жүлде алды

181 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасында бокстан 52 келі салмақтағы жартылай финалдық жекпе-жек аяқталды. Қазақстандық Сәкен Бибосынов төрешілер шешімімен қарсыласына жол берді, деп жазады Egemen.kz Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Кездесудің бірінші раундында Сәкен нокдаун алып, британдық Джалал Яфаи айқын басымдықпен алға шықты. 

Екінші раундта бес төрешінің үшеуі ғана Бибосыновтың басымдығын мойындаған. Шешуші үшінші раунд қорытындысы бойынша 3:2 есебімен ұлыбританиялық Джалал Яфаи жеңіске жетті. 

Осылайша, Сәкен Бибосынов Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанды.