• RUB:
    5.39
  • USD:
    479.83
  • EUR:
    528.82
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 05 Тамыз, 2021

Токио-2020: Данияр Қайсанов финалға шыға алмады

151 рет
көрсетілді

Қазақстандық балуан Данияр Қайсанов Токио Олимпиадасының еркін күрес жарысында финалға шыға алмады, деп хабарлайды Egemen.kz.

74 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Қайсанов жартылай финалда екі дүркін әлем чемпионы ресейлік Заурбек Сидаковтан 0:11 есебімен жеңіліп қалды. Енді қазақстандық балуан қола медаль үшін тартысқа түседі. 

Бұған дейін Данияр Қайсанов ширек финалда мысырлық Амр Реда Хуссенмен белдесіп, 8:5 есебімен жеңіске жеткен. Ал 1/8 финалда Жапония чемпионы Кейсуке Отогуроны жеңген болатын.