• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Экономика 05 Тамыз, 2021

Еліміздегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың теңгені құрады

1432 рет
көрсетілді

Қазақстанда 2021 жылдың шілдесінде ең төменгі күнкөріс деңгейі 38,4 мың теңгені құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,1%-ға (33,7 мың теңге) көп, деп хабарлайды Egemen.kz.

Сонымен қатар ең төменгі күнкөріс деңгейі бір айда 0,9%-ға төмендеді, деп жазады ranking.kz.

Инфляция деңгейі жаңа рекордты көрсетеді. 2016 жылдың соңынан бері бірінші рет инфляция 8,4%болды.

Өз кезегінде, азық-түлік тауарлары бір айда 0,7%-ға, азық-түлік емес тауарлар - 0,5%-ға, ақылы қызметтер - 0,8%-ға қымбаттады.

Ел бойынша Маңғыстау облысында ең төменгі күнкөріс деңгейі 44 мың теңге. Бұл республикадағы орташа мәннен 14,3% артық.

Үздік үштікке Нұр-Сұлтан (43,4 мың теңге) мен Алматы (40,8 мың теңге) кірді. Олар орташа республикалық көрсеткіштен 12,8% және 6,2% артық.

ТОП-5 Шығыс Қазақстан (39,6 мың теңге) және Павлодар (39,3 мың теңге) облыстарымен жабылған.

Тек жоғарыда аталған аймақтарда ғана ең төменгі күнкөріс деңгейі орташа республикалық деңгейден асып түседі.

Ең төменгі көрсеткіш Батыс Қазақстан облысында байқалады: 34,7 мың теңге. Бұл орташа республикалық көрсеткіштен 9,8% төмен.