Тараз қаласы әкімдігінің бірнеше қызметкері кәсіпкерге карантинде жұмыс істеуге мүмкіндік беріп, сол үшін 200 мың теңге пара алған, деп хабарлайды Egemen.kz.
4 тамыз күні Тараз қаласының № 2 соты іске қатысы бар тұлғаларға мынадай үкім шығарды:
Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ж.К. Ізбасаров (ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 2-тармағы) мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 2 млн теңге сомасында айыппұл төлейді;
- Тараз қаласы әкімі аппаратының бас маманы А.А. Сүйінбеков (ҚК-нің 190-бабы 3-тармағы 2-тармағы) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 1,5 млн теңге айыппұл төлейді;
- «KIDS Park» балалар ойын-сауық орталығының әкімшісі Б.М. Шілдебаев (ҚК-нің 367-бабы 2-бөлігі) мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылып, 6 млн теңге айыппұл төлейді.
«Ізбасаров пен Сүйінбеков алдау және сенімге қиянат жасау жолымен, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адамның ақшасын иемденіп, карантин кезінде кешеннің кедергісіз жұмыс істегені және карантин режимін бұзу фактісі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тарту жөнінде шаралар қолданбағаны үшін «KIDS Park» ойын-сауық орталығының әкімшісі Б.М. Шілдебаевадан жалпы сомасы 200 мың теңге болатын қаржы алды деген күдікке ілінді», деп жазылған ресми хабарламада.