• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Медицина 06 Тамыз, 2021

Азаматтарды емханаға тіркеу ережесі өзгерді

1306 рет
көрсетілді

ҚР Денсаулық сақтау министрі «Медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарына жеке тұлғаларды бекіту қағидаларын бекіту туралы» 2020 жылғы 13 қарашадағы бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жеке тұлғалардың емханаға тіркелуі оларға ТМККК (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін) аясында және МӘМС (міндетті әлеуметтік-медициналық сақтандыру) жүйесінде жеке сәйкестендіру нөмірі арқылы алғашқы медициналық-санитарлық көмекті алуға мүмкіндік береді.

Бұйрықта көрсетілгендей, тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі аясында азаматтарға ұсынылатын алғашқы медициналық-санитарлық көмек ел азаматтарымен қатар қандастарға, босқындарға, шетел азаматтары мен Қазақстанда тұрақты тұратын азаматтарға келісімшарт аясында көрсетіледі.

«Жеке тұлға емханаға немесе медициналық орталыққа тіркелген кезде, осыған дейінгі медициналық қызмет алған мекемеден автоматты түрде шығарылады», делінген бұйрықта.

Сондай-ақ азаматтарға емхананы таңдау мүмкіндігі беріліп, тұрақты және уақытша мекенжай бойынша сол емханаға тіркеле алады. Сол сияқты азаматтар емханаға «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы өтініш беріп, өздігінен тіркеле алады. Емхана азаматтарға қатысты жеке мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады.