• RUB:
    4.99
  • USD:
    489.36
  • EUR:
    533.45
Басты сайтқа өту
TOKYO2020 08 Тамыз, 2021

Токио-2020: Қазақстан медальдар кестесі бойынша 83-орында тұр

448 рет
көрсетілді

Токио Олимпиадасының соңғы күнінде Қазақстан медальдар кестесінде бір орынға төмендеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Еске салсақ, қазақстандық спортшылар дүбірлі додада барлығы сегіз қола медаль алды.

Олардың қатарында дзюдошы Елдос Сметов, ауыр атлеттер Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло, боксшылар Қамшыбек Қоңқабаев, Сәкен Бибосынов, палуан Нұрислам Санаев пен каратэші Дархан Асаділов пен Софья Берульцева бар. Нәтижесінде Қазақстан 83-орынды місе тұтты. Бұл - тізімдегі қорытынды нәтиже.

Бұл - ел спортшыларының қатысуымен өткен Жазғы Олимпиада ойындарындағы ең төменгі көрсеткіш. Сондай-ақ, өзінің тарихында тарихында тұңғыш рет алтын және күміс медальсыз қайтып отыр. Бұрын мұндай жағдай болған емес.