ШҚО-да қызметтік ит бақылау бекеті арқылы марихуана өткізбек болған адамды ұстады, деп жазады Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап..
Полиция қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» жедел алдын алу шарасы барысында Шемонаиха қалалық «Рубеж» стационарлық бақылау бекетінде Toyota автокөлігін тоқтатқан.
Автомобиль салонын тексеру кезінде қызметтік-іздестіру иті 43 жастағы жолаушының қалтасына белсенді белгі берген. Тексеру барысында одан өсімдік тектес, өзіне тән иісі бар қоңыр-жасыл түсті түйіншек тәркіленді. Сарапшының қорытындысына сәйкес, алынған зат салмағы 3,41 грамм «кептірілген марихуана» есірткісі болып шықты. Ұсталған азамат - Өскемен қаласының тұрғыны. Ол бұл затты Уба өзенінің жағасынан өзі пайдалану үшін жұлып алғанын түсіндірді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 296-бабы 2-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу басталды.