• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 09 Тамыз, 2021

Қазақстанда ұшақ жолаушыларын таразылау керек пе?

157 рет
көрсетілді

«Эйр Астана» әуекомпаниясы 2021 жылғы 9-31 тамыз аралығында Алматы және Нұр-Сұлтан әуежайларынан ішкі және халықаралық рейстермен ұшатын 18 жастан асқан жолаушыларды өлшейтін болады, деп хабарлайды Egemen.kz Tengritravel.kz-ке сілтеме жасап.

Авиакомпанияның баспасөз қызметі түсіндіргендей, салмақ өлшеу процессі ерікті түрде жүзеге асырылады. Аталған рәсім ұшу қауіпсіздігін арттыру мақсатында ғана жүргізіліп, авиабилеттердің құнына әсер етпейді.

«Жолаушыларды ұшу алдында өлшеу әуе кемесінің теңгерімін белгілеу үшін статистикалық деректерді жинау мақсатында халықаралық әуе көлігі қауымдастығының (IATA) қағидаларына сәйкес жүргізіледі. Бұл процедураны қауымдастық мүшелері - авиакомпаниялар бес жылда бір рет жүргізеді», деп атап өтті авиакомпания.

Таразы үстіне тұруға ниет білдірушілерді бақылау рейске тіркелгеннен кейін жолаушының жынысы бойынша бөле отырып, арнайы бөлмеде жүргізіледі. Сондай-ақ, салмақ өлшеу рәсімінен өткен жолаушылар жүлделі лотереяға қатысу мүмкіндігіне ие болады.