• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Білім 09 Тамыз, 2021

Еліміздегі тағы бір жоғары оқу орны лицензиясынан айырылды

500 рет
көрсетілді

Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институты жабылу алдында тұр, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Ақмешіт» гуманитарлық-техникалық институты Бас лицензиясынан айырылды. ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитеті жүргізген қайта тексеру нәтижесі осындай», деп хабарлайды ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін университетте тексеру жүргізіп, нәтижесінде Комитет қызметкерлері түрлі заң бұзушылықтарды анықтаған. Оқу орнына барлық сәйкессіздіктерді жоюға уақыт берілді.

«Алайда, университет оны білім беру қызметінің сапасын жақсарту үшін қажетті жұмыстарды жүргізудің орнына, сот ісін жүргізуге және ҚР Білім және ғылым министрлігі комитетінің әрекеттеріне шағымдануға жұмсады», деп жазылған хабарламада. 

«Біз тексерістерді елдегі білім мен кадр сапасын жақсарту үшін жүргізетінімізді түсіну маңызды. Сонымен бірге біз жоғары оқу орындарын лицензиядан бірден айырмаймыз. Кемшіліктерді жоюға уақыт береміз. Бірақ олар мұны істемеді. Осыған байланысты біз кейінірек қатаң шара қабылдауға мәжбүр болдық. Университеттердің оқу жағдайын, білім беру бағдарламаларын және тұтастай алғанда студенттерге белгілі бір мамандықтарды үйрету тәсілін жақсартуын қамтамасыз ету маңызды. Ақмешіт гуманитарлық-техникалық институтына келетін болсақ, соңғы тексеру ағымдағы жылдың маусымында жүргізілген. Бұзушылықтар жойылған жоқ. Біз материалдық-техникалық базаның әлсіздігі мен оқу процесін ұйымдастырудағы елеулі кемшіліктер туралы айтып отырмыз. Кейбір пәндерді тиісті білімі мен ғылыми дәрежесі жоқ оқытушылар жүргізген. Оқу процесі мерзімінен бұрын аяқталып, студенттер білім беру бағдарламаларын толық меңгере алмаған. Қазіргі кезде қалыптасқан тәжірибе бойынша, институт біздің лицензияны қайтарып алу туралы шешімімізге қарсы шығуға тырысуда», дейді ҚР Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым сапасын қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Гүлзат Көбенова.  

Оқу орны жабылған жағдайда студенттер басқа оқу орындарына ауыса алады. 

«Біз абитуриенттер мен ата-аналарды жоғары оқу орнына тапсыру кезінде байыпты болуға шақырамыз. Берілген білімнің сапасын, жұмысқа орналасу перспективасын, университеттің беделі мен рейтингін ескеру қажет. Жоғары оқу орындарының рейтингін ҚР Білім және ғылым министрлігінің тапсырысы бойынша «Атамекен» ҚР АЭС жүргізеді», деп жазылған хабарламада.