Алматы қалалық мобильділік басқармасының басшысы Ғани Мырзаханов үш жол айрығының құрылысы туралы айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Қазіргі уақытта үш жол айрығының құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы Рысқұлов даңғылы мен Емцов көшесінің қиылысындағы көлік айырығы бойынша автокөлік құралдары үшін қозғалыс ашу, ал келесі жылы Сейфуллин даңғылы – Жансүгіров көшесі, Бұқтырма көшесі – Құлжа трактісі айырықтарының құрылысын аяқтау жоспарлануда», деді ол ӨКК брифингі барысында.
Оның айтуынша, қазіргі уақытта төрт көше тесігінің құрылысы жүргізілуде.
«Биыл құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, Абай даңғылы, Алатау көшесі мен Әуезов көшесін автокөлік құралдары үшін қозғалыс ашу жоспарлануда, 2023 жылы Саин көшесін аяқтау жоспарлануда», деп қосты спикер.
Ағымдағы жылы Алатау, Түрксіб және Наурызбай аудандарының сегіз шағын ауданы: Өжет, Шаңырақ-5, Самғау, Алғабас, Нұршашқан, Әлмерек, Қайрат пен Құрамыста жол салу жұмыстары жүргізілуде. Оның ішінде ұзындығы 108 км 415 көше бар. Бүгінгі таңда ұзындығы 35 км 132 көшенің құрылысы аяқталды, ағымдағы жылдың соңына дейін 75 км жолды аяқтау жоспарлануда.
Ғани Мырзаханов Алматыда көше-жол желісінің жалпы ұзындығы 3 096 км құрайтынын, оның 298 км қатты жабындысы жоқ екенін атап өтті. Биыл ұзындығы 206 км болатын 212 көшеге, оның ішінде қаланың 20 магистралды көшесіне орташа жөндеу жүргізу жоспарланған.