• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 23 Шілде, 2021

Өзің біл

550 рет
көрсетілді

Өзің біл

Ауыл аты – Төгілдір Оған сүйіп қарайсың ба, Күліп қарайсың ба, Аяп қарайсың ба, Жай-ақ қарайсың ба, Өзің біл!Өйткені, бәрі кеш,Осы ауылдан,Көшіп кеткендердің өзі,Ұзақ сонар көш...Бұрын бұл елдің клубынан,Ән төгіліп тұратын.Қотанға кіргеннен-ақ,Күтімі көрініп тұратын.Ал, қазір аңғал-саңғал,Мейлі, тосыл,Мейлі, таң қал,Бәрібір күйі кеткен.Яғни, түбіне,«Прихватизация» деген жеткен.Содан бері,«Жебір» атты фирманың,Иелігінде.Айт-айтпа, Басына тоқпақ тиеді күнде.Қайда құрмет, қайда ізет,Алқапқа дейін күзет?!.Өткен күзде Тәпи шал,Ат арбасымен отынға кетеді,Ал, оған жол егінмен өтеді.Соған қартты кіргізбеген,Ата-баба жерімен жүргізбеген.Кім бұған төзсін,Өзіңді-өзің қорғай алмасаң,Езсің.Мынау да соны сезсін, –деп қамшымен ызалы қарт,Салып қалады.Анау нокдаун алып қалады...Содан мылтығын тақап:–Шүріппені басамын,Қаныңды судай шашамын.Қазірден бастап құрисың,Адам емес, тырисың, –деп құзғынша шүйіледі.Шал байғұс, иманын үйіреді...Террорға ұқсас пошымы,Ау, қалай түсінеміз осыны?!.

* * *Ауыл аты – Төгілдір, Сол баяғы «Жебір» дүр. Алтын бесік елменен,Осылай да болып жүр. Не ойлап, не қоясың, Оқырманым, өзің біл!..

Қайырбай ТӨРЕҒОЖА

Көкшетау