Қытай астанасы Бейжіңде түйнеме ауруы тіркелді. Бұл туралы Бейжің ауруларды бақылау және алдын алу орталығы хабарлады, деп хабарлайды Egemen.kz.
Дәрігерлер Бейжіңмен шектесетін Хэбэй провинциясының солтүстік-шығысындағы Чэндэ қаласының тұрғынан өкпе түйнемесін анықтады.
Науқас симптомдар пайда болғаннан кейін төрт күннен соң Чэндэ қаласынан Бейжіңдегі ауруханаға жеткізілді. Қазір мамандардың бақылауымен оқшауланған және емделіп жатыр.
Қаладағы ауруларды бақылау және алдын алу орталығының мәліметінше, науқас бұрын малмен байланыста болған.