• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 10 Тамыз, 2021

Ухань билігі бес күнде 11 млн адамды коронавирус тестінен өткізген

133 рет
көрсетілді

Қытайдағы Ухань қаласының билігі вирус қайта күшейген соң 11 миллионнан астам қала тұрғынын коронавирус тестінен өткізгенін хабарлады, деп жазады Egemen.kz Орта Азия жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап.

Ухань билігінің өкілі Ли Таоның айтуынша, бес күн ішінде қала тұрғындарының 6 жасқа дейінгілерін қоспағанда,  бәрінен ПТР тест алынған.

Жаппай тест науқаны кезінде 9 адамнан коронавирус анықталып, барлығы карантинге жіберілген.

Соңғы мәлімет бойынша, қалада коронавирус жұқтырғандар саны 37 адамға жеткен. Одан бөлек, 41 адам коронавирустың «симптомсыз» түріне шалдыққан.

Қала билігінің хабарлауынша, ПТР тест тапсыратын 2800 пунктіде 28 мыңнан астам медицина қызметкері жұмыс істеген.