• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 10 Тамыз, 2021

Азық-түлік өнімдерінің сауда объектілеріне эпидемиологиялық талаптар қойылды

496 рет
көрсетілді

Қазақстанда тамақ өнімдерінің көтерме және бөлшек сауда объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар қабылданды. Тиісті бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қол қойды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұйрықта анықталған талаптар:

Жаңа объектілерді жобалау, салу, реконструкциялау, қайта жабдықтау, қайта жоспарлау және қолданыстағы объектілерді кеңейту, объектілерді жөндеу және пайдалануға беру үшін жер учаскесін таңдау; Объектілерді сумен жабдықтау, су бұру, жылумен жабдықтау, жарықтандыру, желдету және ауа баптау; Объектілердің үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстары мен жабдықтарын күтіп-ұстау және пайдалану; Азық-түлік (тамақ) шикізатын қабылдау, сақтау, тасымалдау, қайта өңдеу( өңдеу), тамақ өнімдерін өлшеп орау және өткізу; Тұтыну қалдықтарын жинау және сақтау; Өндірістік бақылауды жүзеге асыру, еңбек және тұрмыстық қызмет көрсету жағдайлары, персоналды медициналық қамтамасыз ету және гигиеналық оқыту, сондай-ақ объектілерде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізу кезеңінде санитариялық-эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу.

Құжат 9 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі.