• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2021

Алматыда 25 қыркүйекке дейін екі көше жабылады

289 рет
көрсетілді

Алматының Алмалы ауданындағы екі көше жылу желілерін қалпына келтіру үшін жабылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

12 тамыз бен 25 қыркүйек аралығында Алматы қаласының Алмалы ауданындағы Досмұхамедов көшесі (Жамбыл көшесінен Шевченко көшесіне дейін) мен Шагабутдинов көшесі (Қабанбай батыр көшесінен Жамбыл көшесіне дейін) жабылады. 

Енгізілген шектеулер аталған көше астынан өтетін магистральдық құбырды қайта құру кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін қажет.

«Жергілікті тұрғындарға қолайлы жағдай жасау үшін, ыстық су уақытша құбыр арқылы беріледі. Сізден қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды және аталған көше учаскелерін айналып өту схемасын алдын ала қарауды сұраймыз», деп жазады «Алматы жылу желілері»ЖШС.