Атырау қаласында бір аптада 12 баланың жоғалып кеткені анықталды, деп жазады Egemen.kz.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 2-8 тамыз аралығында 102 операторына балалардың хабар-ошарсыз кетуіне байланысты 12 қоңырау түскен.
«Полиция қызметкерлері 12 баланы 2-3 сағатта іздеп тауып, ата-анасына табыстады. Мәселен, 3 тамызда сағат 23:00 шамасында «Нұрсая» шағын ауданының тұрғыны көпқабатты үйдің бірінің маңынан адасып жүрген 4 жастағы баланы тауып алғанын хабарлады. Полицейлер адасқан баланың ата-анасын дереу іздеп тапты» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.
Төрт жасар баланың ата-анасына түнгі сағат 23:00-ден кейін жүруіне жол бергені үшін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 442-бабының 2-бөлімімен әкімшілік хаттама толтырылып, ескерту берілді.