*Қазақстан Кеден одағының сауда ақпараттық жүйесін құру туралы келісімді ратификациялады. Ол бойынша бірыңғай кедендік аумақта сыртқы және ішкі сауданың тиімді реттелуіне жол ашылады.
*Ғалым ұзақ өмір сүрудің құпиясын ашты. Қазақ ғылыми-зерттеу институтының директоры, Ұлттық ғылым академиясының академигі Абай Сағитов Іле Алатауында өсетін кордицепс деп аталатын саңырауқұлақты пайдалану арқылы 150 жасқа дейін өмір сүруге болатынын мәлімдеді.

*Елімізде алғаш рет 3D пішіміндегі мультфильм жарыққа шықты. Онда XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ тарихы мен жоңғарларға қарсы күрестегі батыр бабаларымыздың ерлігі көрсетіледі.
*Шығыс Қазақстан облысындағы Қаракөл өзені бойынан алдағы мерзімде су электрстансасы салынатын болды. Ол іске қосылған кезде қосымша 10 мың гектар суармалы жерді пайдалануға мүмкіндік жасалады.
*Павлодар облысындағы С.Торайғыров атындағы кітапхана жылына 12-15 мың жаңа баспа өнімімен толығып отырады. Жақында кітапхана ғимаратына күрделі жөндеу жүргізілді.
*Қарағанды облысындағы жұмысы тоқтап қалған кремний зауыты жақын күндері іске қосылады. Оның жұмысын жандандыруға «Қазақстанның инвестициялық қоры» мен «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» АҚ қаржылай қолдау көрсетті.
*Батыс Қазақстан облысындағы жалпы білім беретін мектептерде 83 мұғалім жетіспейді. Соның салдарынан ұстаздар мамандығына сәйкес келмейтін пәннен дәріс беруде.
*Ауа райы күрт бұзылып, Қарағанды, Қостанай және Оңтүстік Қазақстан облыстарының тас жолдары жабылды. Кеше бір тәулік ішінде 254 жолаушыға көмек көрсетілген.
Egemen.kz хабарлары бойынша дайындалды.