• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Сәуір, 2010

ҚИЫРШЫҚТАС ЗАУЫТЫ ІСКЕ ҚОСЫЛДЫ

758 рет
көрсетілді

Бүгінде Сыр аймағында бас­талған “Батыс Еуропа-Батыс Қытай” күрежол құрылысы қар­қын ала бастады. Облыс аума­ғында 817 шақырым жолды қам­титын құрылысқа қажетті материалдар – қиыршықтас және шағыртас өндіру шұғыл қолға алынуда. Күні кеше Шиелі ау­данына қарасты Қаратау бөкте­рінде аймақтың басты қазына­сының бірі – қиыршықтас өндіретін зауыт іске қосылды. “Казвернал” ЖШС негізінде жұмыс істейтін түркиялық маман­дар жаңа техникаларды өндіріс алаңына әкеліп те үлгіріпті. Қаратау бөктерінде құлшына іске қосылған экскаваторлар  Жапо­ниядан, ал жүк көтергіштер АҚШ-тан әкелінген. Сондай-ақ, Голландиядан алынған алып техникалар да тас өндіру жұмыс­тарына жұмыла кірісіп кеткен. Зауыт жұмысы бүгінгі күн талабы­на сай компьютер арқылы басқа­рылып, тәулігіне 5 мың тонна көлемінде қиыршықтас өндіріліп, өңделуде екен. Зауытта жұмыс істейтін жұ­мыс­шы-механизаторларға барлық жағдай жасалған. Оларға жатақ­хана, асхана, спорт алаңы, тағы басқа мәдени орындар қалтқысыз қызмет көрсетуде. Зауыттың ашылу салтанатына нысанның бас құрылтайшысы, есімі елімізге танымал спортшы Дәулет Тұрлыханов сонау Астана­дан атбасын бұрып келді. – Алдағы уақытта, бұл зауытта 150 адам жұмыс істейтін болады. Демек, жергілікті тұрғындарды жұмысқа тартуға ұмтылыс жасалмақ. Тек айтарым, олар заманауи жаңа техникалардың тілін меңгерулері, яғни оқып, үйренуге бел шеше кірісулері қажет, – дейді Д.Тұрлыханов. Қиыршықтас зауытының ашы­лу рәсіміне Көлік және ком­муни­кация министрлігі Автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Замир Сағынов, облыс әкімінің орынбасары Мадияр Алдоңғаров қатысты. Еркін ӘБІЛ, ҚЫЗЫЛОРДА.