• RUB:
    5.39
  • USD:
    474.62
  • EUR:
    517.19
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2021

Атырауда 45 жастағы әйелді тонап кетті

6373 рет
көрсетілді

Атырауда 45 жастағы әйелді тонап кеткен жігіт ұсталды, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 26 жастағы жігіт тартып алған сөмкеде 60 мың теңге болған.

«Жәбірленуші әйел мен күдікті жігіт «Вокзал маңы» шағын ауданынан бірігіп такси жалдаған. Екеуі бір таксимен «Нұрсая» шағын ауданына келген. Көліктен түскен соң күдікті 45 жастағы әйелдің сөмкесін тартып алып, телефонын сындырған. Сөмкенің ішінде 60 мың теңге болғаны анықталды. Мейрамханалардың бірінің камерасына күдіктінің әйелді жерге жығып, сөмкесін тартып алған сәті түсіп қалған» деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі. 

Қазір 26 жастағы күдікті жігіт ұсталды. Оған қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 191-бабының 2-бөлігі, 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу басталды.