• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 10 Тамыз, 2021

Атырау дәрігерлері өкпесі 96 пайыз қабынған әйелді емдеп шығарды

490 рет
көрсетілді

Индер ауданының 59 жастағы тұрғыны Алтын Төлегенова бір ай өкпені жасанды желдету аппаратына қосылып жатқан, деп жазады Egemen.kz.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, Алтын Төлегенова маусым айының басында Индер аудандық ауруханасына жатқызылған.  Жағдайы нашарлаған соң Атырау қаласындағы модульдік аурухананың жансақтау бөліміне ауыстырылыпты.

«Жансақтау бөлімінде келгенде екі жақты пневмония, өкпенің 96% қабынуы деген диагноз қойылды. Бір ай бойы өкпені жасанды желдету аппаратына қосулы жаттым. Дәрігерлердің күш-жігерінің нәтижесінде  қауіпті вирустан аман қалдым. Мені бейінді бөлімшенің палатасына ауыстырып, емделуді жалғастырдым» дейді Алтын Төлегенова.

Бүгін, 10 тамызда ол модульдік аурухананың инфекциялық стационарынан шығарылды. Енді үш ай бойы тұрғылықты мекен-жайы бойынша дәрігерлердің бақылауында болады. Сондай-ақ, арнайы оңалтудан өтеді.

«Мен 10 күн бойы оттегі концентраторының көмегімен дем аламын. Содан кейін дәрігерлердің бақылауымен өкпенің жұмысын қалпына келтіремін. Осы орайда емделу кезінде дәрігерлерге көрсеткен қамқорлығы мен жылы сөзі үшін алғысымды білдіргім келеді. Ал, тұрғындардан туған-туыстарыңыз бен жақындарыңыздың қауіпсіздігі үшін бетперде киіп, адамдар көп жиналатын орындарға бармауды сұраймын» дейді  Алтын Төлегенова.