Президенттік жастар кадрлық резервіндегі екі маман қызметкеі тағайындалды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Президенттік жастар кадрлық резервіндегі тағы екі маман қызметке тағайындалды.
Тимур Меңдібаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының Стратегиялық жоспарлау және нарықты талдау департаментінің директоры болды.
Ал Бақтияр Мұхаметқалиев «Азаматтарға арналған үкімет» КЕАҚ басқарма аппаратының Сервис жөніндегі басқарушы директоры қызметіне тағайындалды.
Осылайша, бүгінгі күнге дейін резервтегі 184 адам жұмысқа орналастырылды.Қыркүйек айында Президенттік жастар кадрлық резервінің екінші жиынтығына конкурс басталады», деп жазды Қарин.