Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) атқарушы директоры Мария ван дер Ховенді қабылдады.
Кеше Премьер-Министр Серік Ахметов Халықаралық энергетикалық агенттіктің (ХЭА) атқарушы директоры Мария ван дер Ховенді қабылдады.
Кездесу барысында ҚР мен ХЭА-ның энергия тиімділігін арттыру саласындағы жобаларды іске асырудағы, жасыл технологияларды енгізудегі одан арғы іс-қимыл перспективалары талқыланды. ЭКСПО-2017 көрмесін дайындауға ХЭА-ның қатысуы туралы әңгіме қозғалды.
С.Ахметов пен М.Ховен сондай-ақ, ғаламдық энергетикалық рыноктағы ағымдағы жағдайлар туралы пікір алмасты, деп хабарлады ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.