• RUB:
    5.11
  • USD:
    523.86
  • EUR:
    544.34
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Тамыз, 2021

Сәкентау

572 рет
көрсетілді

Халқымыз оты құнарлы, суы мол, табиғаты көр­кем, талай талантты тұл­­ғалар туған – Баян­ауыл­ды «құт қонған жер» деп дәріптейді. Осы өңірде дауылпаз ақын, мемлекет және қо­ғам қайраткері Сәкен Сей­­фулиннің есімімен ата­латын тау бар.

Биылғы маусым айында астанадағы ардақты ақын атын­дағы музейдің директоры, Мем­лекеттік сыйлықтың лауреаты Несіпбек Айтұлы, осы өлкенің тумасы, Пар­ла­мент Сенатының депутаты Алтынбек Нұхұлы екеуі барып, Сәкентауын өз кө­зімен көріп қайтады.

Несіпбек Айтұлының айтуынша, Сәкен атамыз 1918 жылғы Ақмоладағы ақтар төңкерісінен соң тұтқындалып, 1919 жылы Петропавл түрме­сіне жіберілгені белгілі. Со­дан ол 47 күн бойы атаман Анненковтың «ажал пойызымен» Омбыға барғанда Кол­чак түрмесінен қашып, туған ауылына келе жатқанда Баян­ауылға тоқтап, аялдаған.

− Бірақ ақынның Баян­ауылға келгенін ақтың адамдары біліп қалып, оның ізіне түседі. Алайда ел азаматтары тұғырлы тұлғаны осы тауға апарып, біраз күн бағып-қағады. Сәкен ағамыз Баянауылға бекер келмеген, ақынның анасы – осы жердің қызы. Сондықтан ол кісі на­ғашыларын сағалап келсе керек. Аталған тау атақты Сұл­­танмахмұт ауылының ір­гесінде, Торайғыр көлінің жаға­сында тұр. Бір қарағанда, киіз үй секілді көзге ерекше кө­рінеді. Соны жергілікті жұрт ақынның құрметіне «Сә­кен­тау» деп атап кеткен, − дейді Несіпбек аға.