• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2021

Жоқ пәтерді жалға берген теміртаулық ұсталды

183 рет
көрсетілді

Ақмола облысы Теміртау қаласының тұрғыны Olx қосымшасы арқылы жоқ пәтерлерді жалға беріп, ақша тапқан, деп хабарлайды Egemen.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция басқармасына осы жарнамаға алданған 27 жастағы қостанайлық, Екібастұз қаласының 21 жастағы тұрғыны және Көкшетау қаласының 24 жастағы тұрғыны жүгінді.

Зардап шеккендер Оlх хабарландыру сайтынан жалға берілетін тұрғын үй іздеген. Хабарландыруда көрсетілген нөмірге қоңырау шалған кезде, «пәтер иесі» 10-20 мың теңге мөлшерінде алдын ала төлем жасау ұсынған. Ақша аударылғаннан кейін жарнаманың авторы байланысқа шығуды тоқтатқан.

Ақмола облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері Теміртау қаласының аумағында «Anti-fraud» жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп, Теміртау қаласының 31 жастағы тұрғынын ұстады. Күдікті бұрын бірнеше рет сотталған. Ол өз ісін мойындады.

ҚР ҚК 190-бабы 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.