• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 11 Тамыз, 2021

Түркістан облысында той жасағандар жауапқа тартылды

263 рет
көрсетілді

Түркістан облысында карантин талаптарын ескермей той-жиын өткізу тыйылмай тұр, деп хабарлайды Egemen.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.  

Осындай дерек бойынша облыстың үш тұрғыны жауапқа тартылды. Жаппай тәртіпсіздіктің алдын-алу мақсатында Созақ АПБ-ның қызметкерлерінен карантин режимін және шектеу шараларын сақтау мақсатында мобильді топ құрылды. Олардың бірі күндізгі сағат 15:00 шамасында 50-ге тарта туыстарын жинап, тұсау кесу тойын өткізген. Қалған екі тұрғын 60-тан астам адамды жинап, беташар тойын жасаған.

Тәртіп сақшылары аталған жайттарды ҚР ӘҚБтК-нің 425 бабы (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) бойынша іс-құжаттарды жинақтап, заңды шешім қабылдау үшін Созақ аудандық СЭББ-ге жолдады. Созақ ауданында жыл басынан бері карантин режимін бұзып, түрлі той-жиын өткізген 130 жайт анықталған.