• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Елорда 11 Тамыз, 2021

Якутиядағы орман өртінің түтіні Нұр-Сұлтанға жетті

158 рет
көрсетілді

Соңғы күндері Нұр-Сұлтан қаласын басып тұрған түтін Якутиядан келді, деп хабарлайды Egemen.kz «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Соңғы бірнеше күнде ауқымды биік циклонның әсерінен республиканың кей аймағында  бұлтты ауа райы сақталды. Ауа ағыны Сібірдегі орман өртінің түтінін әкелді. 10-11 тамызда Нұр-Сұлтан атмосферасындағы азот диоксиді рұқсат етілген шекті нормадан 1,7 ШДК дейін жоғарылаған», деп хабарлады Қазгидромет.

Синоптиктер алдағы күндері түтін тарайтынын айтты. Оның орнына таза, салқын ауа массасы келеді.

Болжам бойынша, 12 тамызда және 13 тамызда түнде елордада жаңбыр, найзағай, екпінді жел күтіледі. Ауа температурасы түнде 8-10 градусқа, күндіз 16-18 градусқа дейін төмендейді.

Якутия бір айға жуық орман өртімен күресті. Бір жарым миллион гектар орман жойылды. Өрт ондаған елді мекенге қауіп төндіріп отыр.