• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 11 Тамыз, 2021

Алматы облысындағы әскери бөлімшеден сарбаз қашып кетті

619 рет
көрсетілді

ҚР Ұлттық ұланының әскери бөлімінен қашып кеткен сарбаз ұсталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының баспасөз қызметі ағымдағы жылдың 9 тамызында сағат 21.30 шамасында әскери қызметке дайындық үшін келген 6655 әскери бөлімінің (Ақтөбе) әскерге шақырылушысы әскери қалашықтан рұқсатсыз шығып кеткенін мәлімдеді.

«11 тамызда сағат 02.35-те «Алтын Орда» базарындағы 6654 әскери бөлімінің әскери қызметшілері сарбазды ұстады. Оның бөлмшеден кетіп қалу себебі әскери қызметпен байланысты емес. Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қызметтік тергеу жүргізілуде», деп хабарлады Ұлттық ұлан.