Мұнайлы шаһарда биылғы жыл басынан бері 117 өрт оқиғасы тіркелген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Атырау қалалық төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Нұржан Жақатаевтың айтуынша, өрттің тұрмыстық газ құрылғыларын пайдаланудағы абайсыздық себеп болған.
«Өрттің басым бөлігі жеке сектордағы нысандарда тұтанды. Өрттен 5 адам қайтыс болып, 3 адам жарақат алды. Жалынның салдарынан келген материалдық залалдың көлемі 200 млн 367 мың теңгені құрады» дейді Нұржан Жақатаев.