• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Спорт 12 Тамыз, 2021

UEFA Еуропа лигасы: «Қайрат» Армения командасымен кездеседі

399 рет
көрсетілді

Бүгін, 12 тамызда UEFA Еуропа лигасы үшінші іріктеу сатысында алматылық «Қайрат» сырт алаңда Арменияның «Алашкерт» командасымен ойын өткізеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Кездесу елорда уақытымен 21.00-де басталып, «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Еске сала кетсек, екі команда арасындағы алғашқы кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Екі құрама 2015 жылы Еуропа лигасы екінші іріктеу сатысында кездескен еді. Өз алаңында қазақстандық клуб 3:0 есебімен жеңсе, сырт алаңда 1:2 есебімен есе жіберді. Нәтижесінде қазақстандықтар жарысты әрі қарай жалғастырған болатын.

Бірінші іріктеу сатысында «Қайрат» Израильдің «Маккаби» (Хайфа) командасын (2:0, 1:1) орта жолда қалдырып кетті. Одан кейін Сербияның «Црвена Звезда» командасына (2:1, 0:5) жеңілген болатын.