• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Бизнес 12 Тамыз, 2021

Әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға арналған гранттар байқауы басталды

623 рет
көрсетілді

23 тамыздан бастап қазақстандық коммерциялық емес ұйымдар «Әрекет» әлеуметтік кәсіпкерлік жобасына қатысу үшін өтінім бере алады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жоба «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының атынан «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының бастамасымен бүкіл ел аумағында жүзеге асырылады.

3 жыл ішінде жобаға Қазақстанның КЕҰ-ның 360-тан астам өкілі қатысып, 120-дан астам ұйым 500 мыңнан 3 миллион теңгеге дейін гранттар алды. Коммерциялық емес ұйымдар өз бизнес-моделін құра отырып, жобаларды сәтті жүзеге асырумен қатар, әлеуметтік мәселелерді де шешуге үлес қосты.

«Қазақстандық КЕҰ өзін-өзі өтеуге көшетін, мемлекеттік гранттарды күтуге уақыт жоғалтпайтын кез келді. Өңірлерде КЕҰ-дың жақсы мысалдары бар, олар қайта құрылып, шағын кәсіпорындар ашты. Бұл мүгедектігі бар адамдар арасында жұмыссыздық деңгейін төмендету мәселелерін шешуге септігін тигізеді. Сондай-ақ осының арқасында әлеуметтік бағалар бойынша қызметтерге қолжетімділік өсуде», дейді «Samruk-Kazyna Trust» қорының ресми өкілі Мирас Іргебаев.

Жобаның бірінші кезеңі 2021 жылдың 23 тамызынан 17 қыркүйегіне дейін жалғасын табады. Кезең барысында тілек білдірушілердің өтінімдері жиналып, арнайы комиссия конкурс шарттарына сәйкестігіне іріктеу жүргізеді.

Екінші кезеңге өткен қатысушылар «Инкубатор» және «Акселератор» бағдарламаларының бірінен әлеуметтік кәсіпкерлік, маркетинг, қаржы және бизнестің заңдық аспектілері саласында онлайн режимінде оқу мүмкіндігіне ие болады. КЕҰ өкілдерін әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуда зор тәжірибесі бар сарапшылар оқытады.

Екінші кезеңнің қорытындысы бойынша финалистер анықталып, олар өздерінің әлеуметтік жобаларын конкурстық комиссияға ұсынатын болады. Жобадағы үздік идеялар әлеуметтік кәсіпкерлікті дамытуға 3 миллион теңгеге дейін гранттар ұтады. Жоба жеңімпаздары желтоқсан айында жарияланады.

Өтінімдерді қабылдау ережелерімен «Samruk-Kazyna Trust» Қорының http://www.sk-trust.kz/ сайтында және әлеуметтік желілерінде танысуға болады.