• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 12 Тамыз, 2021

БҚО-да «Ashyq» жобасын қолданушылар сенбі мен жексенбіде де қызмет көрсетеді

302 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында «Ashyq» жобасын пайдаланатын кәсіпкерлік нысандарға сенбі, жексенбі күндері де жұмыс істей беруіне рұқсат берілді деп хабарлайды Egemen.kz.

Пандемия басталғалы бері Батыс Қазақстан облысында 32 683 адамның коронавирустық инфекция жұқтырғаны тіркелген. Ал 1 тамыздан бері COVID-19 1508 адамнан анықталды.

Науқастың көбі, яғни 553 адам Орал қаласында тіркелген. Сондай-ақ Бөрлі ауданында 258, Бәйтерек ауданында 229, Теректі ауданында 83, Қазталов ауданында 76 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды.

Батыс Қазақстан облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың айтуынша, соңғы аптада өткен аптамен салыстырғанда аурушаңдық 11,1%-ға төмендеген.

Облыста 11 тамыз күні коронавирус диагнозымен 169 науқас жаңадан тіркелді. Олардың тең жартысы – жұмыс істейтін адамдар болса, 4 пайызға жуығы – балабақшаға, лагерге бармайтын балалар екен.

«Ashyq» қосымшасы «сары» немесе «қызыл» дәрежесі бола тұра карантин тәртібін сақтамай, көпшілік орындарға баратын тұлғаларды анықтауға септігін тигізуде. Соңғы аптада ғана осындай 36 адам әшкере болған. Оларға Әкімшілік кодекстің 425-бабы, 1-бөлігі бойынша жалпы көлемі 2 289 845 теңге мөлшерінде барлығы 53 әкімшілік хаттама толтырылған екен.

Елімізде коронавирусқа қарсы екпе науқаны басталғалы Батыс Қазақстан облысында вакцинаның 1-ші компонентімен 179 964 адам, 2-ші компонентімен 137 440 адам егілді. Бүгінде облыс бойынша барлығы 62 екпе пункті жұмыс істеп тұр.