Бүгін Түркімен тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Egemen.kz министрлік сайтына сілтеме жасап.
Әңгіме барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түркімен стратегиялық әріптестігін одан әрі нығайту мәселелерін талқылады.
Жуырда Түркіменбашы қаласында өткен Орталық Азия Мемлекеттері басшыларының Консультативтік кездесуі барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру бойынша өзара іс-қимылға ерекше назар аударылды.
Қос тарап жоғары және аса жоғары деңгейдегі алдағы іс-шаралар кестесін қарастырды.