Тараз қаласында үш жасар қызды жүк пойызы басып кетті, деп хабарлайды Egemen.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.
Қайғылы жағдай Құмшағал бекетінде орын алған.
Тараз станциясы желілік полиция өкілдерінің айтуынша, қыздың анасы теміржолда тұрған вагондардың астынан өтпек болған. Сол мезетте пойыз қозғалып кетіп бүлдіршінді басып кеткен. Ауыр дене жарақаттарын алған сәби оқиға орнында көз жұмды. Баланың анасымен психологтар жұмыс істеп жатыр.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 344-бабының 2-бөлігі, яғни теміржол көлігінің қозғалыс және пайдалану қағидаларын бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Қазіргі уақытта іс бойынша қажетті тергеу амалдары жүргізілуде», делінген Көліктегі полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.