• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
01 Мамыр, 2010

БЕРЕКЕ, БІРЛІК – ЕЛ ТІРЕГІ

625 рет
көрсетілді

...Жақында өткен бір әдемі әдеби кеште қырғыз халқының әні шыр­қалды. “Махаббатым саған арна­лады” деп түйінделетін сол ән “Бегі­майдың жыры” деп аталады екен. Қазақ даласында қырғыз бауы­рым­ның елге, жерге деген сағыны­шы жү­ректерде жыр болып тұнып жа­тыр. Ал қырғыз­дың өз жерінде қан­төгіс. Жүрегім дір ете қалды. Береке, бірлік бол­маған жерді шай­тан жайлайды деуші еді. Сол рас болып шықты. Бірақ айырқалпақты аға­йын­­дарымды жамандыққа қимадым. Қазақстанның тұңғыш Прези­денті Нұрсұлтан Назарбаев ел тәуел­сіздігін жариялағаннан бері қай жерде, қай жиында болса да береке, бірліктің мәнін ұғынды­рып келеді. Ынтымағы жоқ ха­лық­тың қандай күйге ұшырағанын көріп жүрміз ғой. Қазақстанда тіршілікке тыныс беріп, жүрекке нұр себетін мамыр айы халқымыздың бірлігі мере­кесі­­мен басталады. Бұл – басы­мызға қонған бақты ынтымаққа жетелей­тін мейрам. Елбасымыз­дың аңсаған арманы да осы. Пре­зи­денті­міз ұйытқы болған ынты­мақ осы мере­кенің негізгі өзегіне айна­лып, айна­ланы алтын нұрға бөлеп тұр. Жақында ғана Вашингтонда өткен Ядролық қауіпсіздік жөнін­дегі жаһандық саммитке жиналған алпауыт елдердің басшылары Қазақ­стан Президентіне ерекше құрмет көрсетті. Бұл не құдірет!? АҚШ президенті Барак Обаманың өзі Қазақстанды яд­ро­лық қарусыз­дану жөніндегі әлемдегі көшбас­шы ел деп атап, Елбасының осы саладағы еңбегін ерлік деп бағала­ды. Өйткені, Қазақ­стан ядролық қару­дан өз еркімен бас тартқан әлемдегі бі­рін­ші ел болып таныл­­­ғанын 90-шы жылдардың жылна­масы кезінде талай рет жазған. Арада жиырма жыл уақыт өткені­мен, Қазақ­стан­ның бұл баста­ма­сын бей­біт­ші­лікті қолдай­тын әлем хал­қы үнемі айтып ке­леді. Кешегі жаһан­­дық саммит соның бір дәле­лі ретінде есте қалды. Қазақ­стан тағы да халық­аралық қоғам­дастық тарапынан жоғары бағаланды. Биыл Қазақстан барысы сер­пін­ді секіріс жасады. Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымына мүше 56 мемлекет Қа­зақ­стан­ға Еуропа төрін ұсынды. ЕҚЫҰ тарихында тұңғыш рет Азия елдері ішінде Қазақстан биік тұ­ғыр­ға көтерілді. Революция жаса­ғыш Украина мен Қырғыз­стан да қиналғанда жанына жұба­ныш іздейтін ел осы біздің Қазақ­стан болып тұр. Кеше елімізге келген БҰҰ Бас хатшысы барлық елдерді Қазақстаннан үлгі алуға шақырды. Мұның бәрі Елбасы­мыздың ерен еңбегі нәтижесінде болып жат­қанын ұмытпайық, ағайын! Иә, “Төртеу түгел болса төбе­дегі келеді, алтау ала болса ауыз­дағы кетеді”. Бұл – Елбасы­мыз­дың қайталаудан жа­лық­пайтын мақа­лы. Кешегі Арқа төрін­дегі батпақтан бас қала – Аста­на­ны көтерген ұлы тірлік осы бір­лік­тің арқа­сында бол­ды десек, қателес­пей­міз. Әлем­­­дік және дәс­түрлі дін­дер жетек­шілерін бір шаңы­рақ­тың ас­тына жи­нап, адам­­затты түр­лі қа­тер­ден сақтау жө­нін­­дегі мәмілені кө­тер­ген де Ел­ба­сы­мыз. Жер-жер­дегі тарыдай ша­шы­­лып кеткен қа­зақ­­тарды атажұртқа келіңдер деп үн­деген де – Ел­басы­мыз. Мекке мен Мединеде, Пай­ғам­бары­мыз­дың қағбасында тұрып, халқына саулық, еліне ты­ныш­тық тілеген де осы Ел­басы­мыз бола­тын. Халық­тың біліміне денсаулығы сай бол­сын деп “100 мектеп, 100 ауру­хана” салып беріп жатыр. Міне, енді “Балапан” бағдарламасы да қанатын қомдап тұр. Әрине, Елбасымыздың туған елі үшін жасап жатқан ұшан-теңіз еңбегін түгелдей тізіп шығу мүм­кін емес. Көзіқарақты оқыр­ман оны күнделікті газет-журналдардан оқып, теледидар мен радиодан көріп-тыңдап жатқаны анық. Өздерінің Елбасына деген құр­метін, ыстық ықыласын, алғысын “Президент поштасына” жолдап жатқандар тіптен көп. Біз халық қалаулысы ретінде сайлаушылармен жиі жүздесеміз. Көнекөз қариялармен кеңесіп, арда­гер­лердің аманаттарын естіп, арқаланып қаламыз. Әлбетте, әңгіме елдің тұтқасы болып отыр­ған Елбасынан басталады. “Прези­дентке балама жоқ!” – дейді олар. Не үшін айтты екен деп ойланып қаламыз. Содан кейін суыртпақтап сыр тартамыз ғой енді. Олардың уәжі салмақты шығады. Таразылап көрейік. Қазақта “Кедей бай болсам, бай құдай болсам” дейді деген сөз бар. Кедейдікі дұрыс, ал байдың құдай болғысы келетіні асылық енді. Қай бір жылы Президенттік таққа 4-5 адам таласты. Дұрыс, демократия болсын деген шығар. Бірақ, халық өзінің тұңғыш Прези­денті, тәуел­сіз­­дік алғаннан бері елдің ыстығы­на күйіп, суығына тоңып келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевқа дауыс берді. Халық бұл жолы да қателеспеді. Ел эконо­микасы ілгері жылжып, әл-ауқат деңгейі көте­рілді. Тіпті кеше­­гі әлемді дүрлік­тер­ген дағ­дарысқа да дамумен жауап берді. Осындайда “тақ таласы” кезінде “Қазақстанды байлыққа белшесі­нен батырамыз” деп үйіп-төгіп уәде берген әлгі аза­маттары­мыз қайда жүр деген сұрақ туады. Президенттікке өтпей қал­ғанымен, ел азаматы ретінде Елба­сы­мен қатар­­ласып, қанаттасып неге жүр­мейді олар. Кейбір тәуелсіз ба­сы­­лымдар елдегі тату тірлікке қара күйе жағып жатқанда неге “қо­йың­дар” демейді. Бәрімізге ел ор­тақ, жер ортақ, Президент ортақ. Енде­­ше, елдің бірлігі мен тату-тәтті тір­лігі үшін ынтымақ­тасып жұмыс істеген жөн-ау, өзі. Ал сендер, ха­лық қалаулысы ретін­де осыған ұйытқы болыңдар, дейді зиялы қауым. Жалпы, өз басым Елбасымыз қолға алған істің қашан да жеңіс­пен аяқталатынына сенімді­мін. Қабырғалы халқы, еңселі елі тұрғанда Қазақстанның биігі аласармайды. Пернебек РАЙЫМБЕКОВ,  облыстық мәслихаттың депутаты. Оңтүстік Қазақстан облысы.