• RUB:
    5.41
  • USD:
    472.49
  • EUR:
    515.44
Басты сайтқа өту
Әлем 13 Тамыз, 2021

Грузияда карантин күшейтілді

151 рет
көрсетілді

COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК коронавирус инфекциясының таралуына байланысты әлем жаңалықтарын жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Грузия билігі елде COVID-19 инфекцияларының көбеюіне байланысты 14 тамыздан 4 қыркүйекке дейін қалалық көліктің жұмысына және жаппай іс-шараларға тыйым салды. Сонымен қатар балалар ойын-сауық орталықтары жабылып, барлар мен мейрамханалар жұмысы шектеліп, 23:00-де жабылады.

Коронавирусқа қарсы егілмеген Литва тұрғындары күнделікті өмірде шектеулі болады. 13 қыркүйектен бастап олар белгілі бір санаттағы дүкендерге, бұқаралық іс-шараларға бара алмайды, Байланыс қызметтеріне жүгіне алмайды. Бастапқыда мұндай тыйымдар қатарында қоғамдық көлікті пайдалануға және жоспарлы көмек алу үшін медициналық мекемелерге баруға тыйым салу ұсынылды, бірақ бұл шаралар қабылданбады.

Бірқатар елдерде коронавируспен ауыратындардың күнделікті өсуі бойынша антирекордтар тіркелді: Жапонияда 15 792 жаңа жағдай, Таиландта 22 782 жағдай және Малайзияда 21 668 жағдай.