Бірінші ауыр салмақтағы қазақстандық боксшы Әли Балоев (10-0, 7КО) келесі жекпе-жегін 20 тамызда Дубай қаласында (БАӘ) өткізеді, деп жазады Egemen.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.
Балоевтің қарсыласы Камерун өкілі Ролли Ламберт Фогум (11-1-1, 10КО) болады.
Кездесу 10 раундқа есептелген. D4G Promotions промоутерлік компаниясы мен MTK Kazakhstan менеджменті алдағы шараның ресми афишасын ұсынды. Әли Балоев бұған дейінгі соңғы жекпе-жегін өткен жылдың тамыз айында Алматыда өткізіп, онда төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Беларусь боксшысы Юрий Быховцевтен (10-21-3, 5КО) басым түскен болатын.