• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қазақстан 13 Тамыз, 2021

Қазақстан авиациясының қауіпсіздігі 84%-ға көтерілді

167 рет
көрсетілді

Халықаралық азаматтық авиация ұйымы Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейін 84%-ға дейін көтерді. Бұл әлемдік орташа көрсеткіштен 15% жоғары, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне сілтеме жасап.

«Азаматтық авиация саласын басқарудың жаңа моделіне көшу жөніндегі Ұлт жоспарының 68-қадамын іске асыру шеңберінде ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті Қазақстанның авиациялық әкімшілігімен бірлесікен жұмысы ИКАО тарапынан жоғары бағаланды. Осылайша, 2021 жылдың 2-11 тамыз аралығында ұшу қауіпсіздігіне қатысты жүргізілген ИКАО тексеруінің алдын ала нәтижелері бойынша Қазақстан ИКАО стандарттарына сәйкестіктің орташа әлемдік деңгейінен 15% асып, 84% жетті», деп хабарланды министрліктен.

ИКАО стандарттарына сәйкестіктің артуы келесі салаларда тіркелді:

Негізгі авиациялық заңнама (LEG) 61%-дан 81%-ға дейін; Азаматтық авиация ұйымы (ORG) 37%-дан 75%-ға дейін;  Аэронавигациялық қызмет көрсету (ANS) 87%-дан 95%-ға дейін;  Әуеайлақтар және жердегі қызмет көрсету (AGA) 56%-дан 90%-ға дейін; Авиациялық оқиғалар мен инциденттерді тексеру (AIG) 47%-дан 53%-ға дейін.

Осылайша, Қазақстан Еуропалық ұшу қауіпсіздігі агенттігіне (EASA) мүше елдердің ИКАО стандарттарына сәйкестігінің орташа деңгейіне қол жеткізіп отыр.

«Қазіргі уақытта осы көрсеткіш бойынша біз көптеген еуропалық елдерден жоғары орналасып отырмыз және Нидерланды – 87%; Бельгия – 87%; Португалия – 87%; Чехия – 87%; Латвия – 86%; Дания – 85%; Исландия – 84%; Польша – 84%; Словения – 82%, Кипр - 82% сияқты еуропалық елдермен қатар тұрмыз. Нәтижелер жақын арада ИКАО сайтында ресми түрде жарияланады және барлық мемлекеттерге қолжетімді болады», деп жазады ҚР ИИДМ.