Жылыой ауданындағы Теңіз кен орнында жұмыс істейтін қызметкерлердің арасында вакцина салдырғандар саны 92 пайызға жетті, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Теңізшевройл» ЖШС-нің баспасөз қызметі ұсынған дерекке қарағанда, кен орнына жұмыс істейтін 48 мыңнан астам адам вакцинаның І компонентін салдырған. Вакцинаның толық компонентін алған 37 мыңнан асып отыр.
«Компания кен орнында қауіпті вирустың таралуын болдырмау үшін қызметкерлер мен жұмысшылардың вакцина салдыруына бар мүмкіндікті жасап отыр. «Теңізшевройл» ЖШС мен серіктес мекемелердің қызметкерлері Атырау, Құлсары, Нұр-Сұлтан, Алматы, Орал, Ақсай, Шымкент, Ақтөбе, Ақтау, Қызылорда, Тараз, Көкшетау, Түркістан, Талдықорған және Жаңаөзен қалаларындағы «Медикер» орталықтарында вакцина салдыра алады. Бұл еліміздің басқа өңірлерінде тұратын әріптестеріміз үшін ыңғайлы», деп хабарлады компанияның баспасөз қызметі.